Бағындыру, қарату, жүгіндіру, бас идіру

lat: Baǵyndyrý, qaratý, júgindirý, bas ıdirý.

а) Біреуді айтқанына көндіру, мойынсындыру.

Кімде кімнің шаруасы бар? Елдің бәрін өз дегеніне бағындыру мүмкін бе? (3. Қабдолов).

Әрбір солдат пен офицердің жүрегін билеп, өзіне қаратып алды (I. Омаров).

Бірақ балаға әкеп жүгіндіріп, соның сөзіне ергені батып кетті (Б. Тілегенов).

Байқадам қашқындарға бас идірудің жолын қарастырып ой үстінде тұрған сәтте Жетібай мен Дауыл жетті (О. Иманалиев). 

ә) Күшпен жаулап алу, тәуелді ету.

Кенесары бұл айқасты қазақ даласын өзіне бағындыруда Ақмола бекінісін алудан бастамақ болды (I. Есенберлин).

Индияға Бабурдың соғыспен кіріп, осы күнгі Дели қаласына шейін өзіне қаратып алған жылы 1526 жыл еді (М. Әуезов).